Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дебат өтті

Oinet.kz 15-10-2019

Screenshot_1.jpg

2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасы осы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Жаңа заман жастары біліммен қатар адалдық, парасаттылық, әділдік пен сенім деген адами құндылықтарды да бойына сіңіруі қажет.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен «Мирас» университеті бірлесе «Парасаттылық және заңның үстемдігі - табысты ұлттың кепілі» дебатын ұйымдастырды. 

Іс-шараның мақсаты - жас буын арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру болып табылды.

Пікірталас арқылы жастар мемлекет пен қоғамның өзара тығыз байланысы ғана жемқорлықпен нәтижелі күресуге болатынын түсіне алады. 

Screenshot_2.jpg

Студенттер сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы өз ойларымен бөлісіп,  жастарды сыбайлас жемқорлықпен бірлесе күресуге шақырды. 

Сайысқа мықты деген төрт команда қатысып, I-орынды 1-2 курс студенттері Г.Иса, А.Әбдіқасым иеленсе, ІІ-орынды 1-3 курс студенттері Д.Әбдіқадырова және Ж.Алтай иеленді. 

Дебат жеңімпаздары арнайы грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды.

Шымкентте қатерлі ісікке шалдыққан науқастар дәрі-дәрмекке зәру
Арысты қалпына келтіру 99,3 пайызға аяқталды


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×