Кәсіпкерлерден заңсыз ақша жинаған әкімнің орынбасары тапсырманы шенеунік бергенін айтты

Oinet.kz 16-10-2019 893

Картинки по запросу пара алған

Қостанай қаласының 140 жылдығына дайындық жұмыстарын жүргізу барысында Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары Дидар Тілеубаев"Сүйікті Қостанай" қоғамдық қордың жұмысына араласып, ақша жинаумен айналысқан, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Облыста әдеп жөніндегі кеңесте Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары Дидар Тілеубаевқа қатысты тәртіптік іс қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісінің айтуынша, енді ғана құрылған "Сүйікті Қостанай" қоғамдық қоры өңірдегі кәсіпкерлерге хат жіберіп, Қостанай қаласын абаттандыруға демеуші болуды сұраған.

"Қызметтік өкілеттігін өрескел бұза отырып, Әулиекөл ауданының әкімі Қисықовтың тапсырмасымен аудандағы 16 ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушінің тізімін жасаған. Онда жалпы көлемі 30 миллион теңге жинау үшін әрбір шаруашылық қанша қаржы өткізетіні көрсетілген. 2019 жылдың маусымында олар хатқа қол қойып, шаруа қожалықтарынан қаржылық қолдау көрсетуді сұраған. Кәсіпкерлер ақшаны қорға аударуы қажет болған", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің тергеушісі Қайрат Жүсіпов.

Сондай-ақ ол бұл хаттар барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушінің қолына берілгенін атап өтті. Тіпті, аудан әкімінің орынбасарлары қайта-қайта хабарласып, қаржылық көмек сұрай берген соң, кейбір кәсіпкерлер шағым түсіре бастаған.

Әдеп кеңесінде Дидар Тілеубаев өз қателігін мойындап, қордың мүддесін қорғауға құқы жоқ екенін жеткізді. Алайда шенеунік бұл тапсырманың жоғарыдан келгенін ашық айтты.

"Тапсырма ауызша берілді. Мен басшыға оның бұл тапсырмасы заңсыз екенін айтуым керек еді. Онымен келісемін. Дегенмен Қостанай қаласының 140 жылдығын атап өтуге көмектесуді әлеуметтік жауапкершілік деп түсініп қалдым", - деді Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары.

Кеңес өкілдері Тілеубаевқа қатаң сөгіс беру немесе қызметінен алу мәселесін ұзақ талқыға салды. Олар Дидар Тілеубаевқа жақсы мінездеме берілгенін, бұрын жауапқа тартылмағанын ескере отырып, оны қызметінен төмендету туралы ұсыныс енгізді.

Дәурен Абаев: «Рухани келісімсіз Қазақстанның дамуы мүмкін емес»
Лауазымды қызметке келген Мейрамбек Беспаев қандай істер атқарып жатқанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу