Өз-өзіне қол жұмсамақ болған офицердің әйелі Президентке үндеу жолдады

Oinet.kz 17-10-2019 784

image.png

Өз-өзіне қол салмақ болған ОВ 156/2 мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі басшысының бұрынғы орынбасары Талант Амантаевтың әйелінің видеосы әлеуметтік желіде тарауда Ол күйеуінің өз-өзіне қол салмақ болғанын айтады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Әсем Амантаева 14 қазанда асылып тұрған күйеуінің үстінен түскенін, оны құтқарып қалғанымен, қазір ол комада екенін айтады.

Талант Амантаев, жұбайының айтуынша, сотталған Кондратенконың өлімі бойынша тергеу кезінде көрсетілген психологиялық қысымға шыдамаған. Ол күйеуінің қылмыс жасамағанын айтып, президенттен оған араша түсуді сұрайды..

Марқұмның сотталушының апайы Ирина Никифорова тергеу қорытындысы суицид деген болжаммен келіспеді.

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы оқиғаға назар аударып, объективті тергеу жүргізуді сұраған. Осыдан соң облысқа Бас прокуратураның арнайы тергеу тобы сау ете түскен.

Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға қалай баспаналы болудың жолдары айтылды
«100 жаңа есім» жобасына кімдер лайықты?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу