Емтиханнан өту үшін сегіз сыңарын жалдаған депутат оқудан шығарылды

Oinet.kz 22-10-2019 750

Похожее изображение

Бангладеште депутат Таманну Нусрат сегіз сыңар жалдап, әрқайсысына орнына 13 емтихан тапсыру үшін ақша төлеген, деп хабарлайды OINET.KZ сайты КТК сайтына сілтеме жасап. 

«Нагорик» телерадиокомпаниясының журналистері университеттің емтихан бөлмесінде Нусратқа ұқсайтын қыздардың бірін байқайды. Осыдан  кейін ол университеттен шығарылды.

«Біз оны қылмыс жасағандықтан оқудан шығардық. Мұны дәл осылай санауға болады», - дейді университет өкілдерінің бірі. 

Айтуынша саясаткердің алаяқтық әрекеті туралы оқу орны білген, бірақ барлығы үнсіздік танытыпты, өйткені қыз өте ықпалды отбасынан шыққан. Депутаттың өзі жағдайға түсінік беруден бас тартты. Нусрат 2018 жылы парламентке сайланды. Ол елдің билеуші партиясының мүшесі. Мұндай даудан кейін оның саяси мансабымен не болатыны әлі белгісіз.

Депутат университетте емтихан тапсыру үшін 8 сыңарын жалдаған

Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықтың қанша пайызы сенім білдіретіні белгілі болды
Асқар Мамин министрлерге тапсырма берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу