Жеңіл атлетикадан ұлттық құрамаға жаңа бапкер келеді

Oinet.kz 29-10-2019

Похожее изображение

Жақында жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ерлан Ибраим қызметінен кеткен болатын. Енді, оның орнына Афины Олимпиадасының қола жүлдегері Дмитрий Карпов келмек, деп хабарлайды baq.kz.

Маусым айына дейін бұл қызметті 1988 жылғы Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері Григорий Егоров атқарған еді. Одан кейін оның орнына 29 жастағы Ерлан Ибраим тағайындалған болатын. Бұл маман бір кездері қысқа қашықтыққа жүгірумен айналысқан. Бірақ спортшы ретінде жоғары жетістіктерге жете алған жоқ. Содан кейін "Қайрат" футбол клубында физикалық дайындыққа жауап беретін бапкердің қызметін атқарды. Осы жылдың ақпан айында жеңіл атлетика федерациясының спорттық директоры, маусым айында ұлттық құраманың бас бапкері міндетін атқарушы болып тағайындалды. Алайда Дохадағы әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен соң, федерацияның атқару кеңесі Ерлан Ибраимды орнынан алып тастады.

ҚР жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембековтің айтуынша, 1 қарашадан бастап, Дмитрий Карпов ұлттық құраманың тізгінін ұстамақ. Ол осыған дейін Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған. 

Бағдат Мәнізоровқа тағылған алаяқтық жасады деген айып алып тасталды
Кәсіпкерден 50 мың доллар алған шенеунік ұсталды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×