Қытайдың екі азаматы Қазақстанға заңсыз өткен

Oinet.kz 30-10-2019 760

Картинки по запросу шекара

Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан заңсыз өткен. Бұл оқиғаға қатысты шекара қызметінде тергеу жүргізіліп, кінәлілер анықталды. ҰҚК шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов бұған жол бергендер жауапқа тартылатынын айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Мемлекеттік шекара сенімді қорғалады, жабық. Алайда адам факторы бар. Бұл мәселені талдап жатырмыз. Жан-жақты зерттеп, мемлекеттік шекараны қорғаудың кейбір тұсын өзгертеміз", - деді Дархан Ділманов мәжіліс кулуарында.

Айтуынша, бұл факті бойынша шекара қызметінде тергеу жүргізілген. Кінәлілер анықталды.

"Тәртіптік жаза қолданылатыны анық. Әрине, сарбаздар емес, лауазымды тұлғаларға жауапқа тартылады. Бөлім командирі қызметінен босатылды", - деді шекара қызметінің басшысы.

Қытай азаматтарына қатысты іс Қылмыстық кодекстің 392- бабы ("Мемлекет шекарасын қасақана кесіп өту") бойынша қарастырылады. Заңға сәйкес, кінәлілер бір мың айлық есептік көрсеткіш (2 миллион теңгеге жуық) айыппұл төлейді немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылып, елден қуылады. Бес жыл бойы Қазақстанға кіре алмайды.

"Олар қазір тергеу изоляторына қамалды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, екі ай тергеу жүргізіледі. Бұдан соң мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге қатысты сот отырысы өтеді. Оларға өзге айып тағылып отырған жоқ", - деді Ділманов.

15 қазан күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі шекараны заңсыз кесіп өткен екі Қытай азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған болатын.

Олар Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан шекара жасағының учаскесі арқылы Қазақстанға өткен. Ұсталғандардың бірі бұған дейін де қазақстандық шекарашылардың назарына ілінген. 2016 жылы мал ұрлады деген күдікке ілініп, Қытай тарапына тапсырылды.

Ресейдің рекордтар кітабында айтылған қазақ әйелі қайтыс болды
Дәріс кезінде Еуразия ұлттық университетінің төбесі опырылып түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу