Арыстанбек Мұхамедиұлы қартайған кісіні қария деп кемсітуге қарсы екенін айтты
Экс мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында «Қария» сөзінің қолданылуы қате деген өз пікірін білдірді, деп жазады Oinet.kz тілшісі.
Бағдарлама тілшісі: «Өмір жасыңыз ұзақ болсын. Жүз жасаңыз! Бір-екі сұрағым қалды...», - дегені сол сөзін бөліп:
«Жүз жас дегенді құптамаймын. Мен өз басым «Қария, шал, ақсақал» дегенге өте қарсымын. Мысалы, ақсақал деп сексен жастағыны айтады. Әбдіжәміл Нұрпейісов 95-ке келгендігін тойлап жатыр. Неге оны қария деп кемсітеді. Ел ағасы, абыз деп неге айтпайды. Әлі күнге дейін шығармасын жазады, бізге тапсырмасын береді. Абыз деп айтсын», - дейді Мұхамедиұлы.
Естеріңізде болса, экс-министр Ұлттық музейдің директоры атанған болатын.