Ләйлә Сұлтанқызы мен Нұрболхан Шарапов арасындағы сот аяқталды

Oinet.kz 08-11-2019 13088

Ләйлә Сұлтанқызы мен Нұрболхан Шарапов.jpg

Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен журналист Ләйлі Сұлтанқызы арасындағы сот аяқталды, деп хабарлайды Oinet.kz ақпараттық порталы.

5 айға созылған сот нәтижесі Нұрболхан Шараповты кінәсіз деп таныды.

Бұл туралы, әзілкеш инстаграм әлеуметтік желісінде:

«Сот ақтап шықты. Жұма мүбәрак! Берекелі күн, мен үшін. Баршаңызға Аллаһ разы болсын. Қазақ қызарының ары үшін соттан бір-ақ шығамын деп кім ойлаған. 3 айға созылған сот өз мәресіне жетті. Сот мені: ешқандай жеке басқа өткен жоқ, ешкімнің абыройына нұқсан келтірген жоқ. Ол тек Өз ойын айтты деп ақтады. Заңды түрде әділ шешім шығарған. Есіл аудандық номері 2-ші сотының судьясы Тобағалиұлына алғысымды білдіремін. Әділдік бар екеніне сеніңіздер! Мені уайымдағандарыңыз үшін бәріңізді жақсы көремін!» - деп жариялады.

Screenshot_16.jpg

Естеріңізде болса, Ләйлә Сұлтанқызы «Ар-ожданыма қол сұқты» деген айыппен сотқа жүгінген болатын. 

Қазақстан Президенті Омбы қаласына ұшып келді (фото)
«Нұр-Сұлтан-Щучинск» жолы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу