Қарағандыда бойжеткенді өлімнен алып қалған полицейлер марапатталды

Oinet.kz 11-11-2019 1276

марапатталды.jpg

Қарағандыда көпқабатты үйден секірмек болған аруды аман алып қалған полицейлер марапатталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз өз Facebook парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Oinet.kz.

"Кеше Қарағандыда жас қызды ажалдан құтқарып қалған полицейлер - осылар! Өз өмірі мен денсаулықтарына төнген қауіп-қатерге қарамастан өлімге ұмтылған қызды аман алып қалды.

25 пен 27 жастағы Ерасыл мен Бекзатты бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "құқықтық тәртіпті қамтамассыз еткені үшін" медалімен марапаттады", - деді ІІМ баспасөз хатшысы.

Нұрділдә Ораздың айтуынша, оқиға 8 қараша күні болған.

полицейлер.jpg

"8 қараша 12.20 да орталық пультке түскен хабарлама бойынша, өз қызметін атқарып жүрген 2 адамнан тұратын наряд жедел жетеді. Жоғарғы этажға жүгіріп шығып, құлыпта тұрған есікті аша алмай, біршама кідіріп қалған. Көршілердің есігін қағып жүріп, техэтаждың кілтін табады.

Шатыр төбесіне шығысымен, қар үстіндегі із арқылы қызды табады. Алдымен, уақыт созу мақсатымен Ерасыл оны сөзге айналдыра бастаған. Бекзат қапелімде құтқарам деп ойлағанмен, қыз отырған шатыр профлистен болғандықтан, қатты тайғақ екенін сезген.

Жанына барғанмен инерциямен екеуі де ауып кету қаупі болыпты. Бірақ көп ойлануға уақыт та болмаған. Әккі әрекеттің арқасында қызды құтқарудың сәті түскен! Ерлік емей немене?! Кез келген кризистік сәтте қол ұшын беруге дайын тұратын батырларымыз аман болғай!" - деп жазды ол

Тоқаев елордадағы апатты жағдайға байланысты мәлімдеме жасады
Қостанай облысында мұз үстінде ойнаған екі бала көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу