Қостанай облысында мұз үстінде ойнаған екі бала көз жұмды

Oinet.kz 11-11-2019 875

Мұз үсті.jpg

Қостанай облысы Жітіқара ауданында жантүршігерлік жағдай болды. Екі бала су қоймасындағы мұз астына түсіп кетіп, мерт болған. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Oinet.kz хабарлайды.

Қайғылы оқиға Жітіқара қаласында 10 қараша күні түстен кейін болған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үш бала әлі қата қоймаған мұз үстінде ойнап, тереңдігі екі метрді құрайтын су қоймасына түсіп кеткен.

Оқиға орнына жеткен полицейлер балаларды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Аудандық орталық аурухана дәрігерлері 2014 және 2013 жылы туған балалардың өлімін тіркеді. Өлімнің алдын ала себебі аса қатты салқындау.

Ал 2011 жылы туған үшінші баланың жағдайы ақ халаттылардың бақылауында. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Бұдан бөлек, балаларды құтқармақ болған 65 жастағы азаматтың да зардап шеккені белгілі болды. Қазір ол да ауруханада.

ТЖК ата-аналардан балаларды жалғыз қалдырмауға шақыруда.

Қарағандыда бойжеткенді өлімнен алып қалған полицейлер марапатталды
А.К.А «KEMPIR» 65 жастағы «диджей» әжей түңгі клубтарға өнер көрсетіп жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу