А.К.А «KEMPIR» 65 жастағы «диджей» әжей түңгі клубтарға өнер көрсетіп жүр

Oinet.kz 11-11-2019 952

Screenshot_1.jpg

Алматыда 65 жастағы "диджей" әжей түңгі клубтарға шығып жүр. Жұрттың көңілін заманауи әнмен көтерген қария енді басқа өңірлерге гастрольдік сапармен шықпақшы, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеп.

Әлеуметтік желіде де белсенді заманауи әжей бір түнде 200 мыңнан астам оқырман жинаған. Семей қаласының тумасы 65 жастағы әжейдің қазіргі елге «А.К.А Kempir» атты лақап атпен танылған. Шын есімін жалпақ жұртқа жария еткісі жоқ.

"Шуткамен болып қалып еді, «бір құрдастар ей кемпір сенен не шығады деген сияқты, мен шығарамын дедім ал енді сонымен кемпір болып шыға келдім. Неге шығармасқа. Бұған дейін өзіміздің бір дүкеніміз болған азық-түлікті. Сонда жұмыс істедім көп жыл. Қарапайым сатушы ғой", - дейді А.К.А «KEMPIR».

Айтуынша, төрт немересі де музыкант. Олардың да ықпалы болғанын жасырмайды. Бұдан екі апта бұрын қаладағы Арбат алаңына жиналған жұрттың назарын өзіне аударған болатын. Сол сәттен бастап, жұлдызы жанған.

"Біздің кезімізде өмірі Арбатқа жастар жиналады ғой, кісі көп жүреді. Біреу ән салады, бәрімізде көріп қызықтап тұрамыз ғой. Сосын мен балаларға айттым «мен Арбатқа барып бір рет ойнасам қайтеді» деп ем, олар көмектесті, мен ойлағам жәй бір кішкене ойнап кетеміз деп халық жиналып кетті мен содан рахатттанып қуанып кеттім", - дейді А.К.А «KEMPIR».

Осы күннен бастап, қаладағы түңгі клубтар мен қымбат мейрамхана басшыларынан ұсыныстар түсе бастаған. Бір аптада төрт-бес мекемені аралап, жұртты заманауи әндермен билеткен зейнеткер қазіргі өмірім өзіме ұнайды дейді.

"Қазір турға дайындалып жатырмын, қазақстан бойынша 06/53 қазақстаның клубтарын көріп, аралап жастарын көріп қандай екенін. Сұраныстар болып жатыр өйткені", - дейді әжей.

Көпшілікті өнерімен тәнті еткен әжейдің алдағы жоспары осы. Тіпті хип-хоп биінің үйірмесіне де жазылып қойған. Киімдерін де кең балақты, түрлі-түсті заманауи киімдермен де ауыстырып жатыр. 

Қостанай облысында мұз үстінде ойнаған екі бала көз жұмды
Қазақстан мен Бельгия арасында саяси консультация өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу