Оқушы зорланған мектепте директор мен орынбасар жұмыстан қуылды

Oinet.kz 20-11-2019 765

Таразда оқушы зорланғаннан кейін мектептің директоры, оның орынбасары, физика пәні мұғалімі және вахтер жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

жұмыстан босатылды.jpg

Бұл туралы Facebook-те Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан жазды. Ол ҚР "Білім туралы" Заңының 45-ші бабына сәйкес, білім беру ұйымының басшысы оқу процесі кезінде студенттердің, оқушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына жауап береді деп жазды.

- Қазіргі таңда аталған факт бойынша құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету білім беру ұйымының тікелей міндеті болып табылады. Мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика пәні мұғалімі және вахтер білім беру саласындағы жергілікті уәкілетті органның шешімі бойынша қызметтерінен босатылды. Жамбыл облысының білім басқармасы зардап шеккен оқушыға психологиялық көмек көрсету үшін қажетті шаралар қабылдап, үйде жеке оқытуын ұйымдастыруда.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау шеңберінде Бас прокуратура мемлекеттік органдармен бірлесіп қолданыстағы заңнамаға әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату бөлігінде өзгерістер әзірлеп, енгізгенін хабарлаймыз, - деді Мұхамеджан.

Жамбыл облысының білім басқармасына жәбірленушіге психологиялық көмек көрсету үшін шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды. Ол енді сабақты үйінен оқитын болды.

Жаға ұстатарлық бұл оқиға туралы күні кеше белгілі болды – жетінші сынып оқушысы сабақ кезінде, мектептің дәретханасында зорланған. Күдікті бақылау камераларына түсіп қалған.

Ол ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Қазақстан мен Әзербайжан Премьер-министрлері Каспий теңізі түбіне байланыс желісін орнатты
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар жұмысқа қалай тартылатын болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу