Тоқаев: «Қазақстан өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс»

Oinet.kz 20-11-2019

Цифрландыру – заман талабы. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме берген Oinet.kz ақпараттық порталы. 

Цифрлы Қазақстан.jpg

Цифрландыру – заман талабы. «Astana Hub» отандық инновациялық цифрлық ортаның дамуына мол үлес қосуда. 

«Digital Centre» (цифрлық ХҚКО) көптеген мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсетеді. БҰҰ рейтингі бойынша Қазақстан 26-шы орында», - деп жазды Президент twitter парашасында. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс екенін айтты. «Astana IT University» және «Alem» бағдарламалау мектебінде IT-дарындарының жаңа буыны қалыптасып келеді. Олар – озық Қазақстанның қозғаушы күші. ҚР өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс. 

Еліміздің технологиялық келешегі жалынды жастарымыздың қарым-қабілетіне байланысты»,- деді ол.

Абдуғаппар Сманов дінді мазақ еткен Төлендиевке ренжулі
​Шымкент мұнай өңдеу зауыты Еуро-4, Еуро-5 бензинін шығаруға сақадай сай

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×