Депутат: «Есі дұрыс адам нәрестеге зорлық жасай ма?»

Oinet.kz 21-11-2019

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов ұрлық пен зорлық мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қоғамның денсаулығы дұрыс еместей көрінеді. Есі дұрыс адам нәрестеге зорлық жасай ма, есі дұрыс адам осы қоғамда қалай мектептің ауласына кіріп кетеді? Осы жағдайлардан біздің салғырттығымыз, қоғамның салғырттығы көрінеді. Осыған байланысты құқық қорғау органдарының құқықтарын күшейтіп, оларға мүмкіндіктер беріп отырмыз. Екінші жағынан құқық қорғау органдарының жауапкершілігін күшейту керек», - деді депутат.

Депутаттың айтуынша, ұрлық жасау қоғам санасының саяздығына байланысты. Аталған қылмыс түріне қатысты өркениетті заң болғанымен, заңды ескермейтін азаматтар мен тәртіпті қадағалауда осалдық танытатын құқық қорғаушар көп. Осы қателіктер мен түсініспеушіліктерге байланысты, халық арасында небір қылмыс шығады. Ал барлық кінә соңына келгенде парламент мойнына артылатынын, заңның жұмыс істеуін қамтамасыз ету керектігін басып айтты.

«Құқық қорғау органдарының қызметкерлері «заңның мынадай бабы бар, осыдан сақ болыңдар» деп теледидардан күнде сөйлесін. "Ұрлыққа бармаңдар, 20 жыл тұтқында отырасыңдар" деп алдын ала ескертейік», - деді Қуаныш Сұлтанов.

 


Вячеслав Цай: «Сыйға алған пәтердің ешқандай міндеттемесі жоқ»
Алматыда газ жарылып, он тоғыз жастағы бойжеткен жан сақтау бөлімінде жатыр

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×