Елорадада Wolkswagen Golf автокөлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысты

Oinet.kz 26-11-2019 769

Елордада Wolkswagen Golf автокөлігі  №101 бағытындағы автобуспен соқтығысқан, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада №101 жолаушылар автобусы мен көлік соқтығысты

Оқиға 26 қараша күні сағат 06:35 шамасында Момышұлы-Тәуелсіздік даңғылы қиылысында болған. Жеңіл автокөлік жүргізушісі 21 жаста.

«Wolkswagen Golf жүргізушісіне қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  610-бабының 2-тармағы ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Жол апатынан зардап шеккендер жоқ. 

Павлодарда сантехник жертөледегі ыстық суға күйіп қаза болды
WhatsApp мессенджерінде жаңа қызмет түрі пайда болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу