Павлодарда сантехник жертөледегі ыстық суға күйіп қаза болды

Oinet.kz 26-11-2019 664

Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қаладағы пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) бірінің слесарь-сантехнигі тұрғын үйдің жертөлесінде қаза болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Картинки по запросу сантехник слесарь

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Белялованың айтуынша, қайғылы оқиға 24 қараша күні сағат 13:15-те Әуезов көшесіндегі үйдің жертөлесінде болған. Алпыс жастағы ПИК-тің слесарь-сантехнигі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ыстық суға күйіп қалған. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, сараптама тағайындалды, деп жазылған полиция ведомствосының баспасөз хабарламасында.

Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады
Елорадада Wolkswagen Golf автокөлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу