Ләйлә Сұлтанқызы жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Oinet.kz 04-12-2019 2105

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуін жаңа жасымен құттықтап, желіде оған деген жылы тілегін жариялады. Ол сүйіктісіне асқан сыйластығы мен темір төзімі үшін алғыс білдірген деп жазады Nur.kz порталына сілтеме жасаған Oinet.kz.

Ләйла Сұлтанқызы.jpg

Отағасы жөнінде көп жаза бермейтін Сұлтанқызы оның туған күнінде бұл "тыйымынан" аттап, күйеуіне деген жүрекжарды жазба арнады.

Тележүргізуші Instagram желісі арқылы сүйіктісіне деген сезімін білдіріп, ол туралы бар ойын ортаға салды.

"Сен маған сүюді үйреттің. Басымды июді, шынайы күлуді, өмірді сүруді үйреттің. Туған күніңмен, балаларымның әкесі, шаңырағымыздың шаттығы! Әрдайым қолдауға төзімім, қолпаштауға ниетім, қорғауға «садақ пен жебем» дайын. Жүрек таңдауының күнінде «Жыл таңдауындамын» биыл. Тағы. Кәсібіме сыйластығың үшін, темір төзімің үшін шексіз алғыс. Жақсы көремін, балашағамыз көп болсын" , - деп жазды тележүргізуші.

Оған қоса, Ләйлә Сұлтанқызы жолдасының туған күнінде түсірілген суретті де жүктеп қойған.

Желі қолданушылары бірден телевизия жұлдызының күйеуін жеке мерекесімен құттықтап, оған деген ақ тілектерін жаудыруда.

Тоқаев тұңғыш президент жайлы пікірін білдірді
Қалаулымдық атышулы жұп сәбилі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу