Түркістанда көпсалалы аурухананың құрылысы басталды

Oinet.kz 05-12-2019 797

Screenshot_2.jpg

Түркістан қаласында бой көтергелі отырған облыстық 630 орындық көпсалалы аурухананың капсуласын қалауға ҚР Премьер –Министрі Асқар Мамин, еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов арнайы қатысты. Жобаны 2022 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «YDA Holding» түрік инвесторы жүзеге асыратын болады. Нысанның құны - 100 млрд теңгеге жуық, 350 дәрігерді қоса алғанда, медицина персоналы үшін 1700-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. 

Screenshot_3.jpg

Жалпы аумағы 16 гектар жерді алатын көпсалалы ауруханада диагностикалық кеңес көрсетуден бастап нейрохирургия, урология, жарақат, қатерлі ісік аурулары сынды медициналық көмек көрсететін бөлімдер жұмыс істейді. Барлығы да сапалы медициналық қызмет көрсетілуі үшін заманауи медициналық құрал жабдықтармен толық қамтылатын болады.

Қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде
Біртанов Кентау ауруханасына оң баға берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу