«Хан Шатыр» сауда үйі өртенді

Oinet.kz 14-12-2019 1345

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Хан Шатыр" сауда үйіндегі бутиктердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме берген Oinet.kz хабарлайды.

Хан Шатыр.jpeg

Өрт туралы хабар "101" пультіне  14 желтоқсанда таңғы сағат 06:23-те түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде бірінші қабаттағы Climber бутигінде заттар өртеніп жатқан. "Өрт сөндірушілер бірден өртті сөндіруге кірісті. 

Қолданылған шаралардаң соң өрт 06:44-те ауыздықталды және 06:48-де 5 шаршы метр аумақта толық өшірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 32 адамы мен 8 өрт техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұдан бір ай бұрын шамасында "Хан Шатыр" сауда орталығында өрт шыққан болатын. Бұл өрт  оқиғасы туралы да Skifnews.kz ақпарат порталы мәлімет берген болатын.

Белгілі қазақ академигі Сұлтан Сартаев дүние салды
«Жеті рухани қазық» облыстық форумы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу