«BMW-мен кетіп қалған»: Депутат Дәулет Тұрлыхановтың тергеудегі ұлы қашып кетті

Oinet.kz 03-07-2023

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тергеудегі ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткен. Бұл туралы заңгер Анна Чернова мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Screenshot_10.jpg

Айтуынша, оған сол бөлім бастығының бақылауында болу бұлтартпау шарасы тағайындалған болатын. Ізін суытқан жігіт кешеден бері табылмай жатыр.

"BMW-мен кетіп қалған. Көрген адамдар болса, оның тергеуде екенін ұмытып кеткенін айтыңыздар", - деп жазды заңгер.

Айта кетсек, ақпан айында заңгер Анна Димитриевич күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққанын мәлімдеді. Көп ұзамай оның үстінен ҚР ҚК-нің 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейін депутат ұлының жасаған іс-әрекетіне қатысты пікір білдірген еді. 

Әйелі арыз жазған: Арыстанбек Мұхамедиұлын қорғаған адвокат қамауға алынды
Министрлік әскери бөлімнен қашқан Тұрлыхановтың ұлы жайлы мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу