Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталады

Oinet.kz 22-12-2019 2577

Ғажайып үнімен әлем халқын таңғалдырып жүрген әнші Димаштың Құдайбергеннің атасына "Ерен еңбегі үшін" медалі берілді деп хабарлайды Oinet.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Димаштың атасы.jpg

Агенттіктің мәліметінше, мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде еңбек сіңірген, елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі қосқан Құдайберген Айтбаевқа "Ерен еңбегі үшін" медалі берілген.

Медальді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласындағы Құдайбергеновтердің отбасында болып, арнайы табыстаған.

Сонымен қатар Димаш Құдайбергеновке берілген "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атағы марапатын Димашты тәрбиелеп өсірген әжесі Миуа Низамутдиноваға табысталған.

Жақсылық Үшкемпіров туралы фильмнің тұсаукесері өтті
Рашид Аюпов жолақыны қандай жағдайда 70 теңгеге көтеруге келісетінін хабарлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу