«Қалауым Live» реалити-шоуы 12 қатысушыны жобадан шығарып жіберді

Oinet.kz 23-12-2019 15160

Атышулы «Қалауым Live» реалити шоуы бағдарламаға қарсы шыққан 12 қатысушыны жобадан шығарды, деп жазады Oinet.kz тілшісі. 

Аша Матай.jpg

«Қалауым Live бағдарламасына бүгін қатыспаймыз деп бір ауыздан дәл осы отырған қатысушылармен шешім шығардық. Өйткені алғаш бағдарламаға келгенде жобаның бас редакторы Самат Толықбай бастаған ұжыммен таныстық. Қателескенде қатемізді түзетіп, кешіріп, әрдайым қолдау білдіріп, жылағанда жұбатып, ағалық қамқорлығын аямаған Самат Толықбай, Нұрсейіт Жылқышыбай, Мұрат Сұлтан, Нұрлан Асқар сынды осы жобаның отымен кіріп, күлімен шығатын жандар бұл жобадан кеткенде бізідің отыруымыз орынсыз. Егер де Самат аға бастаған ұжым, қайтып оралатын болса бізді де бұл жобадан көре аласыздар?!» - деп жазба қалдырған Ұлдана, Данияр, Сәулет, Әділет, Салтанат, Мұхит, Ұлданай, Әлімжан, Гүлнар, Бекболат, Мадонна, Қайрат атты қатысушылар жобадан біржола шығарылды.

Естеріңізде болса, дәл осы жобада 35 жасар қатысушы тұсауын кескенін жазған болатынбыз.

Қазақстан Литваның қателігін қайталамауы керек
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бізге артта қалып қоюға болмайды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу