Ерлікпен жан тапсырған қостанайлық полицейдің отбасына пәтер берілді

21 қаңтарда қостанайлықтар қаза болған тәртіп сақшысы Дархан Базарбаевты ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

image.png

Бүгін Қостанай облысының Әулиекөл ауданында халық полицей Дархан Базарбаевты соңғы сапарға шығарып салды. Қаралы жиынға Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди, генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков және облыс басшылығы келген.

"Өкінішке қарай, егемендік алған жылдардан бері қызметтік борышын атқару барысында 791 полиция қызметкері мерт болды. Дарханның мезгілсіз қазасы сіздердің ғана емес, күллі елдің ортақ қайғысы. Ішкі істер министрлігі алдағы уақытта марқұмның отбасына қолдау көрсететін болады. Бейбіт өмір күзетінде нағыз ерліктің үлгісін көрсеткен Дархан Базарбаевтың есімі Қазақстан полициясының тарихында мәңгі қалады", – дейді министрдің орынбасары.

Қаралы жиыннан соң борышын атқару кезінде қаза болған полицейге ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Алексей Калайчиди мемлекеттік марапатты батырдың отбасына тапсырған.

Сонымен қатар марқұм тәртіп сақшасының отбасына Қостанай қаласынан бір бөлметі пәтер берілген. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов хабардар еткен.

Сондай-ақ, өңір әкімі бұдан басқа да қолдан келген көмектерін аямайтынын, Дарханның қазасы барша қазақ елінің қабырғасын қайыстырғанын атап өткен.

Еске сала кетейік, Дархан Базарбаев 19 қаңтар күні қызметін атқару кезінде қаза болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Базарбаевты ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Кеудесіне 4 рет пышақ сұққан»: Алматылық тұрғын тесіліп қарағаны үшін бейтаныс адамды өлтірген
  • Коронавирустан қайтыс болғандар саны 2345 адамға жетті
  • Италияда коронавирус жұқтырған алғашқы адам қайтыс болды
  • Тараз: 13 жасар қыздың асқазанынан 1 келіден асатын шаш алынды
  • 2020 жылы жұмыс істеген аналар үшін қандай көлемде декреттік төлем болады?
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика