Айсұлтан Назарбаев қандай дінді ұстанады?

Oinet.kz 23-01-2020 3592

Screenshot_3.jpg

Кеше ҚР Сенат төрайымы Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаев Фейсбуктегі парақшасында көптеген түсініксіз посттар жазып, елді елеңдетіп қойды. Әлеуметтік желі қолданушылары Айсұлтан Рахатұлының посттарында айтылған ойларды сан-саққа жүгіртіп, оның отбасына қатысты түрлі болжамдар айтып жатыр. 

Желі қолданушыларын Айсұлтан Назарбаевтың отбасына қатысты мәліметтерден бөлек, оның діни ұстанымына қатысты сөзі де алаңдатты. Ол өз парақшасында:

«Барлық адамдарды олар қолданатын магиядан қорықпай, неге біздің құдайдан сонша алыс елде тұратынымыз жайлы ойлануға шақырамын. Олар маған жасаған жамандыққа қарамастан аман қалсам, Аллах, оның ұлы Иисус және киелі рух сіздерді де құтқарады», - деп жазды. 

Screenshot_1.jpg

Мұнда соңғы сөйлемде Айсұлтан Рахатұлы "...Менің күшім Алла Тағаламен, оның ұлы Иисус және киелі рух сіздерді де құтқарады" деген. Ашық дереккөздердегі ақпараттарға сүйенсек, Алла Тағала есімі - Ислам дінінде айтылса, Иисус (Иса - автор) пайғамбар - Христиан дінінің негізін қалаушы делінеді. Және де "Киелі рух" ұғымы көбіне Христиан дінінде және соған жақын түрлі діни ағымдарда қолданылады. Бұл туралы 1998 жылы Алматыда басылып шыққан "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясында былан делінген: 

"...Қасиетті Үштік догматы бойынша Құдай әке, Құдай ұл, киелі рух Құдайы бар. Осы үшеуі Қасиетті Үштікті құрайды деп біледі... Үшінші ипостасиясы – Киелі рух, ол алдыңғы екеуімен бірге адам баласының рухани өмірін туғызды, даналық пен таным дарытты деп білді". 

Жалпы, Айсұлтан Назарбаевтың осы жазбасынан оның қандай дінді ұстанатынын болжау қиын. Жалпы, дінде зорлық жоқ. Әр адам өзіне рухани тұрғыда жақын дінді таңдайды. Ең бастысы,Құдайға деген сенім. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың коды ауысады
Тоқаев Тұрсынбек Қабатовтың ұсынысын қолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу