Сарапшы коронавирусты кімдер тез жұқтыруы мүмкін екенін айтты

Oinet.kz 26-01-2020 679

Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова жаңа коронавирусты кімдер тез жұқтыруы мүмкін екенін, сондай-ақ, "өлім вирусының" алдын-алу жолдарын айтты деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған Oinet.kz.

коронавирус.jpg

Маманның айтуынша, аурудың негізгі белгілері: тыныс алу жолдарының қабынуы, қызудың көтерілуі, жөтел, демігу, дененің ауыруы, диарея болып табылады.

"Аталған инфекцияны көбіне ұзақ уақыт тыныс жолдарының созылмалы ауруымен ауырғандар, иммунитеті төмен ересек адамдар жұқтыры мүмкін", – дейді Айзат Молдақасымова.

Сарапшы адамдар көп жиналатын жерлерге барғаннан кейін қолды жуу өте маңызды екенін айтты.

Ол еліміздің тұрғындарын өте сақ болуға шақырады.

"Жалпыға белгілі алдын-алу шарасы - бұл қол гигиенасы. Кез келген жағдайда, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерге барғаннан кейін қолды жуу керек. Қол гигиенасын науқас пен оның айналасындағы адамдармен байланыста болғаннан кейін және жеке қорғаныс құралдарын алып тастағаннан соң орындаған жөн. Сондай-ақ, міндетті түрде бөлмені желдетуге шақырамыз. Егер сізде катаральдық құбылыстар байқалса, онда үйден шықпай дәрігерге жүгінген дұрыс", – деді ол.

Одан бөлек, барлық медициналық қызметкерлер мен науқастар әрқашан мыналарды пайдалану керек: медициналық маска, көзді қорғауға арналған зат, таза әрі стерильденбеген ұзын жеңді халат және қолғап.

Сонымен қатар тек бөтелкедегі су мен термиялық өңделген тағамдарды ішу керек.

Шымкентте «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы өтті
Әйтеновтың әлеуметтік желіге жауап жазуға уақыты жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу