Шетелдік дәрігер буын алмастыру отасын жасады

Oinet.kz 02-02-2018 791

Screenshot_15.jpg

Германиядан келген траватологтар Шымкентте буын алмастыру отасын жасады. Күрделі операцияны шетелдік мамандар облыстық клиникалық аурухана дәрігерлермен бірге жасаған. Берлин қаласынан келген хирургтар аурухана базасында ота жасап қана қоймай, буыны зақымданған өзге де азаматтарды  қабылдады. 

Аталмыш отаны  облыстық клиникалық аурухана базасында Германиядан келген травматологтар өңірдің мамандарымен бірлесіп жасаған. Ота кезінде дәрігерлер науқас азаматшаның тізе буынындағы жарамсыз шеміршектерін тазалап, орнына жасанды буын қойып берді. Мамандар мұның алдында аурухана базасында буын алмастыру отасын жасаған болатын. Нәтижесінде күнгейлік травматологтар буыны зақымданып, жүруден қалған науқас азаматтарға күрделі отаны өздері жасайтын болды. Шетелдік дәрігерлерлердің Шымкентке бұл – алғаш келуі емес. Жыл сайын тәжірибе алмасатын мамандар тағатсыздана кезек күткен науқастардың жағдайымен жіті таныс. Оларды жеке қабылдап та, кеңес берді.  «Бір жарым жыл қимылдамай жаттым, төсекте. 3 рет, сосын төртінші рет операцияда тұрдым. Эндопротезбен тұрып, ел қатарына қосылдым. Енді екінші жағыма протез керек»,-дейді Шымкент қаласының тұрғыны Атабек Құлыбаев.   

«Жасанды буынды алмастыру отасы үшін кәдімгідей жасанды буын қоямыз. Жарақат ауыр болмаса. Егер буын тоқсан градустан асып кетсе, арнайы жасанды буын қоямыз. Бұл аурудың күтіміне екі-үш ай қажет. Отадан кейін науқас балдақпен жүреді. Екі-үш айдан кейін балдақты тастап, аяқпен жүруі мүмкін. Бірақ, өзіне көп салмақ түспеуі керек. Біз өзімізде мұндай операцияны жасай береміз.» ,- дейді Облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімінің меңгерушісі Әбдіғани Құдайбергенов.

«Тазный симфиз... Бандаж тақсаң, жақы болады деді. Тақтым, 1 жылдай жүрдім. Қиналғаннан келдім. Операцияға жатам»,- дейді отаға дайындалып жүрген науқастың бірі Батырбек Исахов. Айта кетейік, буын алмастыру отасын жасау үшін жаңа технологиялар қолданылады. Бұған облыстық клиникалық ауруханада барлық мүмкіндік бар. Мамандар заманауи әдіспен сапалы отаны жасу үшін осылайша жиі шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасып тұрады. 

Бауыржан Ибрагимов Иманғали Тасмағамбетовтың бірінші дұшпаны не екенін айтты
Қытайда коронавирусты жұқтырғандар саны 16600-ге жуықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу