Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласының әкімдерінің жалақысы қанша?

Oinet.kz 03-02-2020 1245

Республикалық маңызы бар үш қаланың әкімдері қанша табыс табатыны белгілі болды. Бұл жөнінде zakon.kz хабарлады.

image.png

"Нұр-сұлтан әкімшілігі басшылығының табыстары туралы ақпарат" бөлімінде 2019 жылдың тамыз айының соңында жарияланған мәлімет бойынша, қала басшысы Алтай Көлгіновтің жалақысы 771 007 теңге деп айтылған.

Алматы әкімдігінде қала әкімінің жалақысы жөнінде нақты ақпарат берілген. Әкім Бақытжан Сағынтаевтың 20 жылдан астам еңбек өтілі бар. Оның жалақысы 967 671 теңгені құрайды, барлық міндетті салықтар мен аударымдарды шегергеннен кейін – 783 814 теңге қалады екен.

Шымкент қаласының жаңа әкімі Мұрат Айтенов әріптестерінен аз табыс табатын болып шықты. Оның жалақысы 946 540 теңгені құрайды. Тиісілі салықтарды шегерген соң жалақысы 761 540 теңгені құрайды.


Елде таяу күндерде аномальды жылу келе жатыр
Шымкентте кемшіліктерге жол берген Құрманбекова Түркістанда кеңесші болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу