Мектеп түлектері ҰБТ тапсыра ма - Коронавирус пандемиясы

Oinet.kz 12-03-2020 1078

COVID-19 пандемиясының қауіп-қатері төнген уақытта мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыра ма? Бұл сұраққа білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

image.png

Асхат Аймағамбетов осы жылдан бастап мектеп оқушыларының ұлттық бірыңғай тестілеуді төрт рет тапсыруға мүмкіндігі бар екенін еске салды. Түлектер білім сынағының алғашқы екі ақылы тестінен өтіп үлгерді. Олар нәтиже бойынша университеттердің ақылы бөліміне түсе алады.

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша үкімет қабылдаған қорғау шараларына байланысты, кезекті ақылы тестілеуді өткізуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін ол наурыз айының соңына жоспарланған еді.

Ал талапкерлерге білім грантын үлестіретін соңғы әрі негізгі тестілеу кейінге шегеріле ме, жоқ па әзірге белгісіз.

Аймағамбетовтің пікірінше, соңғы шешім негізгі тесті тапсыратын уақыт жақындағанда қабылданады.

Аталған мәселені талқылайтын тұста ел билігі әлемдегі коронавирус жағдайына назар аударатын болады.

Арыстағы жарылысқа қатысты тергеу амалдары неге созылып кетті?
Жамбыл облыстық ауруханасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу