Ізет өз кәсібін ашты

Oinet.kz 12-03-2020 903

Бұл жас жігіттің аты-жөні Ізет Ильясов. Жасы 22-де. Шымкент қаласының тұрғыны. Ол өткен жылы Шымкент қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз жас ретінде тіркелген. Көп ұзамай "Атамекен" кәсіпкерлік палатасына "Бизнес бастау" жобасымен оқуға жолдама алған. 

Ізет.jpg

24 күн білім алған ол арнайы сертификатқа ие болып, бизнес жоспарын әзірлеп, мемлекеттік грантқа қатысқан. Комиссияның оң қорытындысы беріліп, есеп-шотына 505 мың теңге қайтарымсыз қаражат аударылған. Бүгінде Ізет мемлекеттің қайтарымсыз қаражатына лаваш, шаурма дайындайтын аппараттар, мұздатқыш, пеш сатып алып, өзінің шағын кәсібін дөңгелетіп отыр.

Жалпы, өткен жылы Шымкент қаласы бойынша 3478 азаматқа мемлекеттік грант берілген. Олардың дені 29 жасқа дейінгі жастар санатындағы азаматтар.

0a6146fe-dfed-4a32-baa0-c1285c821a05.jpg

Барлық  мәліметтерді  «Нұрсәт» м/а, С.Бәйтереков көшесі №89 үйде мекен-жайында орналасқан Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға болады.

Шымкент қаласы әкімдігі

халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі

Түркістан: кезекті «халық заңгері» науқаны шалғай жатқан жаңа иқан ауылында өтті
Қайтарымсыз грант - кәсіпкерлерге нақты жол
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу