Динара Құлыбаева коронавирусқа қарсы күреске 4,5 млрд теңге бөлмек

Oinet.kz 21-03-2020 1718

Halyk қайырымдылық қоры Елбасының індетпен күресу үшін республикалық қор ашу керек деген бастамасын қолдап, аталған қорға 4,5 млрд теңге аудармақ деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Screenshot_16.jpg

«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Қазір әлем тығырыққа тіреліп, қиындаққа тап келгенде біз де бірге болып, күш біріктіріп, өз дайындығымызды көрсетуіміз керек. Halyk қайырымдылық қоры Елбасының індетпен күресу үшін республикалық қор ашу керек деген бастамасын қолдайды. Қордың қамқорлық кеңесінің отырысында коронавирус індетімен күресуге 4,5 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдадық. Барлық қиындықтың еңсереміз деп ойлаймын. Қазір шынымен көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуымыз керек. Қиын сәтке қарамастан Наурыз мейрамымен бірге әр үйге қуаныш, шаттық кірсін.

Құрметпен Динара Құлыбаева» делінген хабарламада.

Министр өзіне хат жазған 13 жасар қызға уәде беретінін айтты
Медиация бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу