Елімізде коронавирустан емделген 2 адам ауруханадан шықты

Oinet.kz 26-03-2020 1295

Қазақстанда екі адам коронавирустан емделіп, ауруханадан шықты. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

12749291.jpg

- "Құрметті ағайын! Кеше айтқанымыздай, екі адам коронавирустан жазылып, ауруханадан шықты. Олардың біреуі Алматы, екіншісі Нұр-Сұлтан қаласында емделді", - деді Абаев онлайн брифингте.

Қазіргі таңда елімізде коронавирус жұқтырған 97 адам тіркеліп отыр.

Нұр-Сұлтанда – 55, Алматыда – 34, Қарағандыда - 2, Шымкентте – 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстанда - 1 адам.

Алматыда құстардың қырылуының алдын ала себебі аталды
Коронавирус 109-ға жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу