Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған ер адамның жағдайы ауырлауда

Oinet.kz 26-03-2020 2863

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған ер адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

orig.jpg

Көрнекті фото: Фотоның науқас адамға еш қатысы жоқ

- "Жағдайы ауыр. Науқасқа барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді басқармадағылар.

Айта кетейік, 22 наурызда да ер адамның жағдайы ауыр екені хабарланған болатын. Ер адамға екі жақты пневмония мен бірінші деңгейдегі тыныс алу жеткіліксіздігі диагнозы қойылған болатын.

Коронавирус 109-ға жетті
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Жамбыл облысында тiркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу