Түркістан: «Жасотандықтар» блокпостардағы азаматтарға қолдау көрсетті

Oinet.kz 27-03-2020 884

Screenshot_11.jpg

27 наурызда сағат түнгі 00:00-де "Jas Otan" жастар қанатының Түркістан облыстық филиалының жалынды жастары қайырымды іс жасады. Олар коронавируске қарсы күресу, алдын алу бағытында құрылған блокпостардың Түркістандағы бөлігіне барып, ыстық тамақ пен шәй таратты. 

Тәртіп сақшылары жанашыр жастардың бұл қолдауларына ризашылық білдіріп, әлемді алаңдатқан ауыр індетті жеңуде бірлесіп жұмыс істейтіндерін жеткізді. 

Screenshot_10.jpg

Наурыз айының 18-інен бастап Түркістан облысының шекаралық аумақтарына 35 блокпост қойылған болатын. Оның  31-і елдімекендерде, ал 4-еуі теміржол вокзалы мен станцияларда орналасқан. Бүгінде полицейлер мен медицина қызметкерлері облыс аумағына кірген жолаушылардың дене қызуын тексеріп, мәліметтерін алып жатыр. 

Screenshot_9.jpg

"Jas Otan" жастар қанатының өкілдері қайырымдылық іс-шараларын алдағы уақытта да жалғастыруды көздеп отыр. 

"Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Түркістандық кәсіпкер коронавируске қарсы күреске 10 миллион теңге бөлді
Даниал Ахметовтің қарындасын ұрламақ болғандарға қатысты сот үкімі шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу