Тоқаев "Қалаулым" жобасына қатысты тапсырма берді

Oinet.kz 28-03-2020

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан халқымыздың менталитетіне сай келмейтін бағдарламаларға қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кеткенін мәлім етті. Оның сөзінше, мемлекет басшысы аталған теле жобаларға қатысты қоғамның ұстанымын біледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

9E1E105B-42A6-4F8F-8E7D-940D4D15A4C3.jpeg

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан халқымыздың менталитетіне сай келмейтін, қазақтың салт-дәстүріне, ұлттық болмысымызға қайшы, шығыстық қалпымызға сәйкес емес "Қалаулым", "Қалауым сен" атты бағдарламаларға қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кетті. Азаматтар әлеуметтік желілерде қол жинап, бағдарламалардың жабылуын талап етіп, БАҚ беттерінде түрлі сыни мақалалар жарияланып жатыр.

Мемлекет басшысы аталған бағдарламаларға қатысты қоғамның ұстанымын біледі. Соған сәйкес тапсырма берілді. Халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірмей тиісті шешім шығарылады", - деді Берік Уәли.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға 4000 дана медициналық бетперде таратылды
Алматыдағы ауруханадан коронавирус жұқтырған тағы бір азамат емделіп шықты

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×