Путинмен кездескен дәрігерден коронавирус анықталды

Oinet.kz 01-04-2020 1277

Путинмен бір апта бұрын кездескен дәрігерден коронавирус анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

photo_65441.jpeg

Ресейдің Коммунарка ауданындағы аурухананың бас дәрігері Денис Проценкодан коронавирус анықталды. Дәрігер 24 наурызда Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен, - деп хабарлайды РИА Новости.

31 наурызда Денис Проценко өзінен коронавирус анықталғанын және жағдайы жақсы екенін мәлімдеген. Ол оқшауланған кабинетінде қашықтан жұмыс жасауға жағдай жасалғандықтан жұмысын жалғастыратынын айтқан. Айта кетейік, бүгінде ол ауруханада коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдейді. 

Ал 24 наурызда Путин Денис Проценкомен кездесіп, бірнеше палатаны аралап, бір науқаспен сөйлесіп қайтқан. 

Кеше Ресей президентінің бапсасөз хатшысы Дмитрий Песков Проценко вирус жұқтырғанын мәлімдегеннен кейін Путин коронавирусқа тест тапсырғанын және "барлығы дұрыс" екенін айтқан. 

Айта кетейік, Ресейде барлығы 2337 адам коронавирус жұқтырып, 17 адам қайтыс болған.

Қазақстанда тағы 5 коронавирус жұқтырғандар пайда болды
Түркістан облысында коронавирус анықталған алғашқы науқас: төрт қалада болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу