Коронавирус: Марқұмның вирус жұқтырғаны қайтыс болғаннан кейін белгілі болған

Oinet.kz 01-04-2020 1380

Бүгін таңғы 7.00-де Қарағандыда 62 жастағы ер адам қайтыс болды. Дәрігерлер оның коронавирус індетін жұқтыру салдарынан қаза болғанын анықтаған, деп хабарлайы Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

15df1ed7e12391b1c767d29b984db4bf (1).jpg

Облыста COVID-19 індетін жұқтырғандардың саны 14 адамға жетіп, сырқаттардың біреуі қаза болды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше 62 жастағы ер адам 30 наурыз күні медициналық мекемеге көмекке жүгінген. Оның екі өкпесі қабынып, тыныс алуы нашарлаған. Сырқат реанимациялық боксқа жатқызылып, оны емдеу шаралары жасалғанымен жағдайы нашарлап, екі күннен соң қайтыс болды. 

Белгілі болғаны ер адам Теміртау қаласында жеке нотариус қызметін атқарған. Шетелге шықпаған, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына бармаған. 

Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Бибігүл Төлегенованың айтуынша, ер адамның вирус жұқтырғаны қайтыс болғаннан кейін анықталған. 

- Науқас ауруханаға түскен соң одан коронавирусты анықтау үшін сараптама алынды. Ер адамның өліміне коронавирус себеп болғаны анықталды. Осыған дейін ол ауруханаға келген жоқ. Нотаруис болып жұмыс істеген. Жақын туыстары да оқшауланды. Қайтыс болған адаммен байланыста болғандар анықталып жатыр, - деді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Бибігүл Төлегенова.

Облыстың бас санитарының айтуынша науқас 36 адаммен тікелей қарым-қатынаста болған. Сонымен қатар тағы 20 адам қарым-қатынаста болушылар тізімінде. 

Жәрдемақыдан табыс салығын төлеу керек пе? - Министрлік жауабы
42 500 теңге алу үшін не істеу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу