Коронавирус белгілерін жасырған азамат жаңа босанған әйеліне ауру жұқтырды

Oinet.kz 02-04-2020

Американың Рочестер штатында ауру белгілерін азамат жаңа босанған кәйеліне ауру жұқтырды. Ол келіншегі бала дүниеге әкелгенде қасында жүрген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

image.png

Lenta.ru ақпаратына сәйкес, SARS-CoV-2 коронавирустық инфекциясы белгілері байқалған азамат келіншегін көру үшін перзентханаға барған. Ол тек әйелінде ауру белгілері шыққан соң ғана өзін жайсыз сезінгенін хабарлаған. Аталған жайттан кейін ауруханада қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Енді перзентхана бөліміне келген меймандарға алдын-ала дене қызуын өлшеу қажет болады. Одан бөлек, қызметкерлер мен науқастар коронавирус жұқтырғандармен бір ғимаратта хирургиялық маска тағу керек. 

"Бұрын біздің жүйе сенімге құралатын. Енді біз қонақтардың дене қызуын тексеретін боламыз",- деді Рочестер қаласы медицинадық университетінің қкілі Чип Партнер. 

Айта кетейік, жақында Қазақстанның бас санитар дәрігері лауазымын иеленген Айжан Есмағаметова елдегі коронавирус "іштей тарауға" көшкенін мәлімдеді. 

Егер бастапқыда инфекция сырттан келсе, қазір көбі ауруды бір-бірімен байланысу арқылы жұқтырып жатыр. Науқаспен байланысқан әр тұлға қатерлі инфекцияны тағы төрт адамға жұқтыруы мүмкін. Бүгінде COVID-19 індетін жұқтырмаудың бірден-бір амалы- үйден шықпау және басқа адамдармен байланысқа түспеу.

Путин қашықтықтан жұмыс істеуге көшті
Асқар Мамин 42 мың 500 теңге туралы сұрақтарға нүкте қойды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×