Асқар Мамин 42 мың 500 теңге туралы сұрақтарға нүкте қойды

Oinet.kz 02-04-2020 1786

Төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған 3 миллион қазақстандық 42 500 теңге алады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

unnamed (1).jpg

- Қазіргі таңда жаһандық дағдарыс болып жатыр. Коронавирус пандемиясы мен шикізат ресурстарына сұраныстың төмендеуі экономикалық белсенділіктің күрт бәсеңдеуіне алып келді. Осының барлығы еліміздің экономикасының дамуына және жұмыс орындарына, халықтың табысы мен әл-ауқатына теріс әсер етуде. Осындай күрделі кезеңде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы мәлімдемесінде алдағы қадамдарды анықтап, қазіргі экономикалық жағдайда азаматтар мен бизнесті қолдау бойынша нақты міндеттерді айқындады, - деді Асқар Мамин.

Ол осы тұрғыда үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар шараларды іске асыратынын айтты. 

- Біріншіден, біздің басты міндетіміз жұмыспен қамтуға негізделген. Сондықтан жұмыспен қамтудың жаңа жол картасы қабылданды. Ол әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңғырту және дамыту, елді мекендерді абаттандыру арқылы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Жол картасының іс шараларына қажетті қаржы көлемі 1 трлн теңгеге ұлғайтылды. Бұл 240 мыңнан аса жаңа жұмыс орынын құруға мүмкіндік береді, - дейді үкімет басшысы.

Оның айтуынша, бұл жобалар іске асырылатын кезде құрылатын уақытша жұмыс орындары ғана емес, тұрақты жұмыс орындарын құру да кіреді.

Сонымен қатар, Асқар Мамин әлеуметтік төлем алушылар қатары кеңейгенін атап өтті. Олардың арасында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен тұрмысы төмен азаматтар бар. 

- Шамамен 3 миллион қазақстандық 42 500 теңге мөлшерінде төлемақы алатын болады. Көпбалалы отбасыларға, жұмыссыздарға тұрақты негізде тұрмыстық азық-түлік тегін беріледі. Бұл шара 800 мыңнан астам адамды қамтиды, - деді премьер-министр.

Коронавирус белгілерін жасырған азамат жаңа босанған әйеліне ауру жұқтырды
Алматыда 20 мың адам карантинге жабылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу