Жаңа туған сәбиден коронавирус табылды

Oinet.kz 02-04-2020 2474

Мәскеуде алғаш рет коронавирус инфекциясын жұқтырған бала дүниеге келді, деп хабарлайды zakon.kz.

2020040210352835362_2020040207021591499_pic_467d10ce8f95d291.jpg

Мәскеуде коронавирус науқастарды қабылдауға қайта жасақталған №15 ауруханада коронавирус жұқтырған бала дүниеге келді. COVID-19 үшін нәрестенің анасы тапсырған тест алдында оң нәтиже бергені белгілі. Бала кесар тілігімен дүниеге келді. Қазір ана мен бала ауруханада - дәрігерлердің қатаң бақылауында.

1 сәуірдегі жағдай бойынша, Ресейде 2777 коронавирус инфекциясы анықталды, одан 24 адам қайтыс болды, оның 19-ы - Мәскеуде. Тағы 190 науқас сауығып шықты.

Алматыда 20 мың адам карантинге жабылды
Тағы 6 коронавирус тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу