Коронавирус жұқтырғандар 1 миллионға жақындап, 47 мың адам қаза тапты

Oinet.kz 02-04-2020 1061

Әлемде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны миллионға жуықтады. 1 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі Тедрос Гебрейесус осылай деп мәлімдеді. Ол "инфекцияның жылдам тарап жатқанына" алаңдайтынын да жеткізді. ДДСҰ жетекшісінің айтуынша, вирустан көз жұмғандар саны соңғы аптада екі есе артқан деп хабарлайды Massaget.kz

3j0a0522_id57831_650x410_2_650x410_17_650x410.jpg

Джон Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде вирус жұқтырғандар саны 932 мыңнан асқан. 47 мыңнан астам адам көз жұмған. 193 мыңнан астам адам айыққан.  

Сәрсенбі күні Ұлыбритания билігі бір күн ішінде елде 563 науқас көз жұмғанын хабарлады. 4300-ден астам адамға вирус жұққан. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 29 мыңнан асқан. Эпидемия басталғалы бері 2300-ден астам адам қайтыс болған.  

Еуропада коронавирустан көбірек зардап шеккен Италияда вирус жұқтырғандар саны 110 мыңнан асты. Бір күн ішінде 4800 адамнан вирус табылған. Бір тәулік ішінде 727 адам көз жұмған. Вирустан жалпы 13 мыңнан астам адам көз жұмған. 

АҚШ-та 4 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмған. Соңғы үш күн ішінде көз жұмғандар саны екі есеге көбейген. 

Жақында президент Дональд Трамп "алда ауыр екі апта бар" деп мәлімдеген.  Жақын арада Нью-Йоркке медициналық жабдықтар тиелген Ресей әуе ғарыш күштерінің ұшағы қонуы тиіс. Екі ел басшысы жақында телефон арқылы әңгімелескен кезде көмек жайлы да келіскен. Халықаралық көмекке байланысты пікірін айтқан Трамп Ресей мен Қытай көмек ұсынған кезде таңғалғанын айтқан.

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған азаматтар қай аудандардан екені белгілі болды
Желіде коронавирустан «көз жұмған» отандасымыздың бейнеүндеуі пайда болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу