Біртанов онлайн сатылымдағы вирус анықтайтын тест туралы айтты

Oinet.kz 03-04-2020 989

Елжан Біртанов медициналық бұйымдар, сондай-ақ COVID-19 вирусын анықтауға арналған тесттерді тек арнайы рұқсат қағазы бар медициналық мекемелер ғана сата алатынын мәлімдеді. Осыған орай, белгілі бір бағаға онлайн саудада тест сатып жүргендердің бұл ісі заңсыз болып табылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

88_main.jpg

Министр бұл тесттермен жұмыс істеу медициналық қабілет пен тиістті шарттарды талап ететінін айтты. Яғни бірінші кезекте тазалық қамтамасыз етілуі тиіс. Тесттерді медициналық мекемелерден және арнайы зертханалардан тыс жерде қолдану да заңсыз болып саналады. 

- "Сондықтан да арнайы рұқсатнамасы бар медициналық мекемелер ғана мұны жасай алады", – деп баса айтты министр. 

Біртанов қатал талаптар жоғын да қоса кетті – мұндай зерттеулерді жекеменшік те, мемлекеттік те медициналық мекемелер жасай алады. Қатал ережелер тек тест нәтижесі оң болып шыққан жағдайға ғана жазылған. Вирус бары расталған адам қауіпті аурудың әрі қарай тарамауы үшін тез арада оқшауланады. Біртановтың айтуынша, науқастардың көбінде вирус жасырын қалпында өмір сүреді екен. Қазақстандағы коронавирус жұқтырған науқастардың көбінде бұл індет ешбір белгілерсіз дамыған. Министр ол адамдардың ауру еместігін айтты. Алайда олардан өзгеге жұғу қаупі бар. Сондықтан олар 2 апталық карантинге жатқызылады.

 Айта кетейік, Біртанов ЖРВИ-дің орташа және ауыр формасына шалдыққандарды коронавирусқа тексеретінін айтқан болатын. 

Желіде коронавирустан «көз жұмған» отандасымыздың бейнеүндеуі пайда болды
Шымкент қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу