Сарапшылар коронавирустың әлем экономикасына келтіретін шығыны туралы айтты

Oinet.kz 09-04-2020

Екі жыл ішінде әлемдік экономикаға жаңа коронавирустың таралуы салдарынан келтірілетін шығын сомасы 5 триллион доллардан асады. Сарапшылардың мұндай пікірін сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. 

Коронавирус әлем экономикасына 5 триллион доллар шығын келтіреді

Citigroup банк компаниясының бас экономисі Кэтрин Манның пікірінше, коронавирус індетінің әлемдік экономикаға келтіретін шығыны 5 триллион доллардан асады. JPMorgan Chase банкінің сарапшылары аталған көрсеткішті 5,5 триллион долларға бағалап отыр. Олар дамыған елдерде 2008-2009 және 1974-1975 жылдары орын алған экономикалық құлдырау болатынын шамалады. Американың Morgan Stanley банкінің сарапшылары дамыған елдерде жалпы ішкі өнім көрсеткіштері дағдарысқа дейінгі деңгейіне тек 2021 жылдың үшінші тоқсанында оралады деген пікірде. Жаңа коронавирустан туындаған дерт 2019 жылдың соңында Орталық Қытайда тіркеліп, көптеген елдерге тарады, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны пандемия атады.

Лондондағы зәулім сарайына қатысты сотта Дариға Назарбаева жеңіп шықты
Есін жоғалтқан қазақ қызы Оңтүстік Корея әуежайында жүр

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×