Тоқаев «Карантиндегі жұлдыз» жобасын жоғары бағалады

Oinet.kz 10-04-2020 1726

Бүгін Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстадықтарға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5c394a22-bd29-4424-804a-e01c66a93da3.jpg

- «Осы мүмкіндікті пайдаланып, азаматтарға түсінгендері, шыдамдылық танытып, табанды болғандары үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Мәдениет қайраткерлеріне жеке рақметімді жолдаймын. Олар сөзбен де, іспен де қазақстандықтарға көмектесуде. «Карантиндегі жұлдыз« жалпыұлттық жобасының барысын ризашылықпен қадағалап отырмын. Бірегей әрі пайдалы бастама», - деді Мемлекет басшысы. 

Осы ретте Қазақстан Президенті дағдарыс жағдайы және оған берілген жедел жауап ведомстволардың қызметін жетілдіру, сонымен қатар орталық пен өңірлер арасындағы үйлесімділікті күшейту қажеттігін көрсетіп бергендігін баса айтты. 

- «Бізге коммуникация проблемасына, елдің билік құрылымдары мен азаматтар арасындағы кері байланысқа назар аудару қажет. Бұл - дағдарыстың бір сабағы ғана. Мұндай сабақтар аз емес», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қытайлық дәрігер: «Ауруды ерте кезеңінде анықтауға күш салу керек»
Алматының бас санитар дәрігері кімдерге вирус жұқпайтынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу