Коронавирус: «18 науқастың жағдайы ауыр»

Oinet.kz 14-04-2020 779

Елжан Біртанов үкімет отырысында еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдай бойынша есеп берді, деп хабарлайды zakon.kz.

image.png

- Оның айтуынша, 13 сәуірде елімізде бірден 140 науқас анықталған. Өткен тәулікте 140 жаңа науқас жаңадан тіркелді, дерттің өсімі 14,7% құрады. Оның ішінде Алматы қаласында - 106 адам, өсім - 64%; Қарағанды облысы - 12 адам (18%); Нұр-Сұлтан - 9 адам, (3,6%). Өткен тәулікте елімізде 14 адам қайтыс болды, соңғы тәулікте екеуі, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Ол сонымен қатар 138 адамның сауығып, ауруханадан шыққанын айтты.

- Бүгінгі таңда ауруханада 939 науқас жатыр, оның 57-сі - балалар. Жағдайы тұрақтылар - 82%, яғни 770 науқас. Орташа ауырлықтағылар - 151 (16%). Ауыр жағдайда 18 науқас жатыр (2%), 8 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, - деді ол.

"Аштан өлген": Түсіпбаева ТЖ кезінде маска тігіп сатқан жұлдыздарды жер қылды
Коронавирус: Тағы 88 жағдай тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу