Биыл Түркістан облысында ауызашар өткізілмейді

Oinet.kz 17-04-2020 1128

Биыл Түркістан облысында Рамазан айында ауызашар өткізілмейді және мешіттерде тарауих намазы оқылмайды. Елде жарияланған төтенше жағдай кезіндегі діни жорағылар жасаудың жаңа үлгісі енгізілген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша Бас имамы Мұсабек Ақтамберді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына сілтеме жасай отырып, осылай мәлімдеді.

Қасиетті Рамазан айы басталды — "Ақ жол" -Жамбыл облыстық қоғамдық ...

Ол баспасөз жиынында ауызашар, тарауих намаздарының орындалу жолдарынан бөлек, діни мерекеге дайындық, жалпы облыстағы діни ахуал жайлы да сөз қозғады.

- «ДДСҰ жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты елімізде төтенше жағдай енгізілгені белгілі. Бұл сәуір айының соңына дейін созылуына байланысты Рамазан айының алғашқы күні, жамағатпен тарауих намазы, ауызашар беру мәселелерінің тәртібі белгіленді. Осы ретте ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесі келесідей тәртіпті ұсынады. Жарияланған төтенше жағдайға байланысты мешіттерде тарауих намазы уақытша оқылмайды. Әркім өз үйінде тарауих намазын отбасымен өтейді. Көпшілік орындарда (дәмхана, мейрамхана т.б.) жиналмауға үндейміз. Қазіргі жағдайға қарай ораза ұстаған адамдарға ауызашар берудің орнына келесідей амалдарды жасауға шақырамыз. Мейрамханаларға тапсырыс беріп, ауызы берік адамдарға тамақ тарату, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік тарату, ауызашарға жұмсалатын шығындарды ораза ұстаған адамдарға қаржылай беру де мол сауап болады», – деді Мұсабек Ақтамберді.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымын сабыр сақтауға, орынсыз үрейленбеуге, халықты дүрліктірмеуге және Алла Тағалаға дұға етуге шақырады.

Коронавирустан жүз мыңдаған бала қайтыс болуы мүмкін - БҰҰ
Коронавирустың қандай температурада өлетіні анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу