Коронавирус: Екі науқастың жағдайы ауыр

Oinet.kz 27-04-2020 903

Алматыда COVID-19 жұқтырған екі науқастың жағдайы ауыр. Екеуі де тыныс алуы қиындауына байланысты өкпені жасанды желдету аппарытына қосылған. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

image.png

27 сәуірде Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны - 847 адам. 

- «Кешегі күні тағы 5 жаңадан вирус жұқтыру жағдайы анықталды. Оның төртеуі - карантиндегі науқаспен байланыста болғандар. Оның ішінде 1989 жылы туған екі ер адам және 1971, 1958 жылы туған екі әйел кісі бар. Ал бесіншісі - кеше «Атырау - Алматы» рейсімен ұшып келген 1988 жылғы әйел. Экипаждың барлық мүшелері карантинге жатқызылды»,– деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасы. Екі науқастың жай-күйі аса ауыр, 29 адамдыкі – ауыр, 214 адамда – орташа ауыр, қалған пациенттердің жағдайы бірқалыпты. Басқарманың мәліметінше, екі науқас тыныс алуы қиындауына байланысты ӨЖЖ аппаратына қосылған. Жұқпалы ауру стационарларында 744 адам жатыр. Провизорлық госпитальдарда 481 адам жатыр, оның ішінде 11 бала бар. Карантиндік оқшаулауда - 415 адам, оның бесеуі - бала. Провизорлық және карантиндік стационарларда бос орындар жеткілікті екенін айта кеткен жөн. Бүгінгі күнге дейін Алматыда 96 адам сауығып, үйіне оралған. Оның ішінде алтауы - балалар.

«Президент, далаға шықсам бола ма?»: Кішкене бүлдіршін Тоқаевқа өтініш айтты (видео)
Национальная инженерная академия РК обсудила актуальные задачи научно-инженерного корпуса страны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу