Полиция карантин талабын бұзған баланы атып тастаған

Oinet.kz 06-05-2020

Кения астанасы Найробиде полиция қызметкерлері карантин талабын бұзған баланы атып тастады, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Тengrinews.kz  порталына сілтеме жасап.

photo_66879.jpeg

Бала көп қан жоғалтып, салдарынан ауруханада көз жұмған.

СNN телеарнасының мәліметіне сәйкес, ол тәртіп сақшыларын бақылау үшін қарындасымен бірге балконға шығыпты.

Қаза тапқан баланың әпкесінің айтуынша, полицияға оларға қалта шаммен жарық түсіріп, кейін оқ ата бастаған. Оқтың бірі баланың ішіне тиген. Көршілері баланы ауруханаға апарғанымен, ол сонда қайтыс болған.

Кенияда енгізілген комендант сағатына байланысты полицияға тәртіп бұзғандарға қарсы оқ атуға рұқсат берілген.

Amnesty International ұйымының құқық қорғаушылары елде комендант сағаты енгізілгеннен бері 16 адам көз жұмғанын айтады.

Ақтөбелік келіншек өзінің қалай пышақталғанын айтып берді
Өмірзақ Шөкеев Мақтааралдағы эвакуациялық орталықтарды аралады

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×