Ақтөбелік келіншек өзінің қалай пышақталғанын айтып берді

Oinet.kz 06-05-2020 2481

28 жастағы ақтөбелік Айнагүл Бекенованы экс-күйеуі итше тепкілеп, артынан беті-қолын пышақпен тіліп тастаған. Осыдан екі ай бұрын әлеуметтік желілерді осы бір ақпарат кезіп кеткен болатын. Кезегі келгенде бұл мәселе "Астарлы ақиқат" бағдарламасында да талқыланды. Бағдарлама барысында күйеуінен қорлық көрген келіншектің өзі болған оқиғаны баяндап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

- Иә, үш сағаттан кем тігілді. 30-дан жоғары тігіс болды. Ажырасқаннан кейін мен негізінде айттым болды осымен доғарайық, тоқтатайық. Кішкене бала емеспіз. Бәріне түсіністікпен қарап қояйық дедім. Иә дейді де, ол кісі звондап, жазып, артымнан қалған жоқ. Кешірім сұрап! Соңғы ажырасу да сол қол көтергеннен болды. Жеке өмір құруыма да мүмкіндік берген жоқ. Соңымнан аңдып, хабарласып неше түрлі сөздер айтып. Оны жалғыз мен емес жанымдағы көршілерім де біледі. Ол күні мен болдым. Оның қалай болғанын мен ғана көрдім. Ол күні менің бастығым Дархан деген Сәкенді шақырған жоқ. Олар аяқ астынан кездесіп қалды мен жұмыс істеп жатқан кафеде.  Бірақ бұл жара жүректен әлі кете қоймайды. Бірақ ол күні өлтіріп салған кезде кімнен кешірім сұрайтынын білмеймін. Осындай ер адамдар әйеліне қол көтеретін болса шыдамаңыздар. Бұның немен аяқталатынын бір Алла ғана біледі деді Айнагүл көзіне еріксіз жас алып. 

image.png

Карантин мерзімі ұзартыла ма? Министр жауабы
Полиция карантин талабын бұзған баланы атып тастаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу