Шымкентте полицейдің ер адамның бетінен ұрғаны видеоға түсіп қалған

Oinet.kz 22-05-2020 2229

Шымкентте тағы бір елеңсіз видео желіге танымал болды. Бұл жолғы видеода полицей қызметкері көше бойында ер адамның бетінен ұрған.

image.png

Айдос Сағымтаев есімді оқырман көптің шамына тиген роликті Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. 

"Шымкенттің полицейлері көлік жүргізушісін тоқтатып, дөрекі сөйлеген жүргізушіге қол жұмсап жатыр. Бұл жағдай Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексіне қаншалықты сай келеді", - деп жазба қалдырды. 

Белсенді видеоның астына Ішкі істер министрлігін белгілеген. Сонымен қатар биліктен кешірім сұраған Руслан Жанпейісов лақап атымен танылған блогер Бейбарыс Райымбеков туралы айтып өтті. 

"Русланды (ред. Жанпейісов) Шымкент қаласы полицейлердің бастығы қылсаң заң орнайтын шығар қалай ойлайсыздар?", - деп ол көпшіліктің пікірін білгісі келді. 

Бұны көрген желі қолданушылары "Руслан кетті, полиция құтырып жатыр", "Полиция қызметкерінің әрекеті дұрыс емес", "Тәртіп сақшысы заң алдында жауап беру керек" деген пікірлерін қалдырды. 

Еске сала кетсек, 35 тәулік әкімшілік қамаудан босатылған танымал блогер, қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов (құжат бойынша Бейбарыс Райымбеков) қорғаушысы Закир Асадовтың әлеуметті желідегі парақшасынан қазақстандықтар мен билікке үндеу жолдады. 

Қоғам белсендісі ТЖ кезінде жариялаған даулы видеосы үшін кешірім сұрап, эмоцияға берілгенін мойындады. Ол әрекеті үшін қатты өкінетінін жеткізді. Сонымен қатар, бұдан былай тәртіп сақшыларын видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге жарияламайтынын алға тартты. 

Мұнай арзандап, Қытай қарық болды
Коронавирустан көз жұмған жүкті келіншектің жақындары шындықтың бетін ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу