«Назарбаев халықты бір ортаға жұмылдырушы тұлға» -Тоқаев

Oinet.kz 02-07-2020 1397

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемді жайлаған пандемия жағдайына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол "Егемен Қазақстан" газетінде жариялаған мақаласында айтты. 

image.png

Ауыр дерт біздің елді де айналып өтпеді, бұл да бір басымызға түскен сын деп білеміз, дейді мемлекет басшысы. Оның сөзінше, қазіргі жағдайдағы басты міндет ел азаматтарына барынша қолдау көрсетіп, олардың денсаулығын қорғау. 

- Жаһанды әбігерге салған пандемия бізді де айналып өтпеді. Бұл сын-қатерлер халқымызды біріктіре түсті. Нұрсұлтан Назарбаевтың "Біз тәуел­сіздікті сәт сайын қорғауымыз керек!" деген қанатты сөзі бар. Жер шары­ның тұрғындарына қауіп төндірген қатерлі дерттен азаматтарымызды қорғау - тәуел­сіздігімізді де қорғау деп білемін, - дейді Тоқаев. 

Сонымен қатар, президент коронавируспен күрес шараларына да тоқталды.

- Індетпен күрес шаралары әлі жал­ғасады. Елбасы осы сындарлы кезеңде де елімен етене екенін білдіріп, өзі же­текшілік ететін Nur Otan партиясының жалпыхалықтық "Біз біргеміз!" акция­сын жариялады. Үндеу тастап, үнемі бір-бірімізге қолдау көрсетуге шақырды. Күллі ел Елбасының ізгілікке шақыруын қабыл алып, күрделі кезеңде береке-бірліктің үлгісін көрсетуде. Бұл игі бас­тама Нұрсұлтан Әбішұлының халықты мемлекеттік мүддеге жұмылдырушы тұлға екенін тағы да айқын танытты, - деді ол. 

Оған қоса, Тоқаев халықтың әлеуметтік ахуалын көтеру маңызды екенін жеткізген. Азаматтарды жұмыспен қамту мәселесіне де тоқталды президент.

- Елдегі әлеуметтік ахуалды оңалту - біздің негізгі міндетіміз. Әлеуметтік қолдаумен бірге халықты еңбекке тарту­дың маңызы зор. Сондықтан жаңа жұмыс орындарын құруға күш салатын боламыз. Қазақстанның білімі мен ғылымын дамытуға ден қоямыз. Бұл - ел экономикасы мен келешегі жолындағы нақты қадам. Болашақта қазақстандықтардың адами әлеуеті жоғары болуы қажет, - деді Президент.

Алматыда танымал журналист өмірден өтті
Депутат: «Бұл дерттің үндемей келіп, іштен шалатын айласы бар екен»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу